АЩЫ

lat: Ashshy

жер бетіне шығып жатқан сордың тұзды сор топырақ аралас минералдың атауы. Организмде қажетті минералдық заттар жетіспеген мал (қой, сиыр, ешкі) ащыны аңсайды. А.-ны жеңсік деп атауға да болады. Малды ащыға жаюды ащылату деп атайды. Оны малды көптеген аурулардан сақтаудың қамы, әрі қоңдандырудың алғышарттарының бірі болды.