БАҒДАР

lat: BAǴDAR

әшекей бұйымдарға қара түсті қорытпа бояумен салынатын ою-өрнек. Зергерлер тілінде бедер салатын қорытпаны да Б. деп атап, осындай тәсілмен өрнектеуді Б. жүргізу дейді. Б. салатын қорытпа күміс, мыс, қорғасын, күкірт қоспасынан әзірленеді. Оны алтыннан, күмістен жасалған бұйымның оймышталған бетіне жалатып, өрнектеп әшекейлейді. Қорытпаны пайдаланып, зергерлік бұйымдарды әшекейлеп безендіру тәсілін бағдар жүргізу, бағдарлау, қарала жүргізу, кавказдау деп атайды.