ДЕСТЕ

lat: DESTE

орылған егіннің, шөптің бір бумасы немесе бауы. Парсы тілінен енген сөз. Орылған егінді дегдіген соң шоқтап, баулап арбаға тиеп қырманға тасиды. Десте ұғымы шабылған шөптің бірнеше баудан үйілген көлемін білдіретін өлшемге айналған. Дестелеп жинаған шөптен шөмеле үйеді. Егін орып жатқан кезде әдейілеп «ораққа бере берсін!» деп келген жандарға егін орушылар аздаған сыбаға үлестіретін ғұрыпты да «десте беру» деп атайды.