ДҮНИЕ

lat: DÚNIE

жер жүзіндегі, ғарыш кеңістігіндегі барша заттар мен құбылыстар, табиғат, жаратылыс, тіршілік өмір, өлім жөніндегі ұғымдар жүйесін қамтитын категория. Дүние байырғы этнос санасында шексіз-шетсіз, жер жүзіндегі, аспан әлеміндегі барлық материя, құбылыс формаларының жиынтығы және олардың динамикасы түрінде бейнеленген.