БЕЙСЕНБІЛІК

lat: BEISENBİLİK

дәстүрлі ортада балаларын оқытқанда молдаға ата-ананың бейсенбі күні берер ақысы. Бұл жосын бейсенбілік деп аталатын аруақтарға дұға бағыштау ғұрпымен мағыналық жағынан шендес. Яғни бейсенбі күні мұсылмандар үшін ерекше қасиетті жұма күнге ауысар күн болғаннан кейін оны да қасиетті уақыт деп осы мерзімде әртүрлі ақы беріледі, түрлі дұғалар оқылады.