БЕСІК

lat: BESİK

мәйітті бейіт басына жеткізетін зембілге ұқсас ғұрыптық құрылғының атауы, табыт. Бұл ағаш аттың ерекше бір түрі. «Ағаш аттың» үстінен жабылатын дөңестеу келген беттақтайы болғандықтан, бесік деп аталған. Дүниеге келген нәрестені тал бесікке бөлесе, бақилық болған адамды бейітке апарарда жер бесікке бөлейді. Мәйіт жерленіп, өлікке қатысты ғұрыптық жосындар жасалғаннан соң, бесікті зират басында арнайы тұрғызылған бекініске қалдырып кетеді.