БИШІК

lat: BISHİK

қайыстан өріліп жасалатын, мал қайыруға арналған сапты құрал. Ұшына қарай бірте-бірте жіңішкеріп келетін бишік өрімінің аралары металл шығыршықпен қосатындай, бірнеше бөлік етіп өрілуі де мүмкін. Бишік қамшыдан ұзын болады. Кейде оны соп қамшы деп те атайды. Ұшына екі-үш қарыс қайыс таспа немесе жылқының іріктелген бір шоқ қылы жалғанып өрілген бишікті айналдыра үйіріп, оқыс сілкіп қалғанда, шарт еткен дыбыс шығады. Шикі таспадан шырмауық оралған сабы өрімінен үш есе қысқа болады.