БӨРТЕ

lat: BÓRTE

көкшіл сұр түс. Аса сирек мұндай боз араласқан көкшіл түс көбінесе жылқы мен ешкіде кездеседі. Осындай түсті түліктерді бөрте ат, бөрте ешкі, бөрте серкеш деп атайды. Жылқы малында ұшырасуы өте сирек болғандықтан, ондай түсті ат қалыптағыдан артық бағаланған.