БҮЙРЕК

lat: BÚIREK

соғым сойылған кезде көрші-қолаңға берілетін шағын сыбаға. Үлкендерге жіберілген сыбағамен қатар таныс, көрші адамдар бір-бірінің балаларына арнап, жүрек, бүйрек араластырып жіберетіндігіне байланысты осылай аталған. Бұл да балалардың мерейін өсіретін, ағайын, туысқа жақындататын мәні бар жоралғылардың бір түрі. Сондай-ақ мал сойғанда жетім-жесірлерге берілетін сыбаға да бүйрек деп аталады.