ИІ

lat:

тері илеу үшін арнайы дайындалған қоспа атауы. Иінің сұйық түрін малма деп атау кең таралған. Иінің қоймалжың түрімен өңдеу тәсілін иі жағу , ал, құрамында сұйықтық көлемі көп болып келетін түріне теріні батырып өңдеу әдісін малмаға салу деп атаған. Мал және жабайы аң терілерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Малдың және қоңыр аңдардың көлемді әрі қалың терілері малмаға салу арқылы иленген. Ал, бағалы аң терілері мен ұсақ мал терілеріне иі жағу тәсілі қолданылды. Теріні иіге қандырып, түрлі өңдеуден өткізу арқылы иленген тері даярланды. Сондай-ақ, олардан киім-кешек, әбзелдер және үй бұйымдары жасалған. Қажетіне қарай терілерді жүнімен және жүнін жидітіп немесе қырып тастап илеген.