ЖИЫРМА

lat: JIYRMA

қалыңмалдың орта мөлшерін білдіретін ұғым. Құда түсіп, қалыңмал мәселесін келіскен кезде жиырма қараға, яғни жиырма атқа тоқталған. Мұндағы жиырма қара қалыңмалдың өзегі болған. Жиырма аттың құны кейде жүз қоймен есептелінген.