САЯТШЫЛЫҚ

lat: Saıatshylyq

з а т. э т н. 1. Құс салып, аң аулаумен кәсіптенген аңшылық. Бала күнінде келіп құс салып, с а я т ш ы л ы қ істеген жерлер Шоқанның көзіне оттай басылды (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар.). Бұл екеуі байлығымен, батырлығымен емес, аң құмар с а я т ш ы л ы ғ ы м е н жұртқа ұнаған жандар (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). 2. Құспен аң аулау өнері. Ол кісіге с а я т ш ы л ы қ кәсібінің дарығаны соншалық, қызылбалақ, қыран қасиетін сонау қиян құзда шарқ ұрып, ұлылық салтын паш еткен шаңқылынан таниды екен (Б.Тұрысов, Ақбақай). С а я т ш ы л ы қ - дәстүрлі қазақ өнері (ҚҰЭ). С а я т ш ы л ы қ табиғат ресурстарына қамқорлықпен қарап, табиғат құндылықтарына деген адами қарым- қатынасты насихаттайды (ҚҰЭ).                          Саятшылық кәсібі. Қыран құсты аң аулауға баулып, құс салып, аң аулаумен арнайы айналысушылық. С а я т ш ы л ы қ к ә с і б і н е кіретін құстардың көпшілігі, әсіресе, қопалы көлді, қамысты, желкенді су бойларын, қақшымақ сорды көбірек мекендейді («Егемен Қазақстан»).