САЯХАТ

lat: Saıahat

[ар.] з а т. 1. Зерттеу не танысу, аралап көру мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға шыққан сапар. 1500 шақырымға созылған с а я х а т Канада елінің жағдайы жөнінде көптеген мағлұматтар берді (І.Омаров, Серпін). 2. Бой жазу, демалыс ретінде айнала-маңда өткізілетін серуен, сейіл. С а я х а т т а жүрген жастар мөлдір бұлақ жағасына, көркем терек саясына көп отырып дем алатын (Срубаев, Шығ.). Осы маңға белгілі Шуақ мерген колхоз балаларының өтініші бойынша оларды с а я х а т қ а алып шыққан (Ғ.Сланов, Замана.).                        Саяхат жасады. а) Ел аралады, жер-дүниені шарлады. Страбон заманында көп біліп, белгілі жерлерді көп аралап, талай-талай с а я х а т ж а с а ғ а н ғалым (Н.Баяндин, Геогр. ашу.). - Машина ала алсақ, біз бұлай отырмаймыз, Глаша, жер-дүниені шарлап, с а я х а т ж а с а р едік (К.Тоқаев, Түнде.). ә) Серуендеді, сейіл құрды. Үлкеншарын ауданының оқушылары жүз шақырым жолды артқа тастап, жаяу-жалпылы Маралкөлге с а я х а т ж а с а п келеді екен (О.Бөкеев, Мұзтау).