СӘБІЗ

lat: SÁBİZ

з а т. 1. Дәмі тәтті, қызғылт-сарғыш түсті біржылдық бақша өсімдігі. Өзенді бойлап қияр, капуста, с ә б і з егетін бақшаға орын бөлінді (М.Қаратаев, Далада.). Бұл жай осылай болған соң, совхоз орталығынан помидор, с ә б і з, қарбыз өсімдігін де көруге болмайды екен (Қ.Ұябаев, Қырда.). 2. ө с. <лат. daucus> Тағамдық және малазықтық түрлері бар шатыршагүлділер тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Тағамдық с ә б і з д і ң тамыр-жемісі құрамында 88,8% су, 1,1% азотты заттар, 0,2% май, 9,2% көмірсу және витаминдер бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.). «А» витамині балық майында, уылдырығында және тамыр жемістерде, әсіресе, с ә б і з д е, жас көк шөпте, сүрлеген өсімдіктерде болады (Т.Күлтебаев, Қой төлі.). С ә б і з д і қазіргі уақытта А витамині мен каротин алу үшін негізгі өсімдік ретінде пайдаланады (С.Сұбханбердин, Дәрі - дауа.). С ә б і з д і ң жапырақтары күрделі қауырсынды (ҚҰЭ).