СӘЛЕМ

lat: SÁLEM

[ар. з а т. 1. Адамды алғаш көргенде сыпайылық әдебі бойынша қимыл ишарат және сөз арқылы амандық, есен-саулық сұрасып амандасу рәсімі немесе осы рәсімде қолданылатын тілек, лебіз сөз. «Аурудың емі - саудың с ә л е м і » деген қазақта аталы сөз бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрау, оған жәрдем беру зор адамгершіліктің белгісі («Жалын»). Бір көргенге қырық күн с ә л е мақал). Бір күн жолдас болғанға қырық күн с ә л е м, Ер азамат шын досын ұмытпайды (Қара өлең). Үйде екі әйел бар екен, келген адамдардың с ә л е м і н е екеуі де жауап қатпады (Б.Нұржекеев, Бір ғана.). 2. Біреуге айт деп тапсырылатын ауызша ықыласты тілек хабар, амандығы туралы аманат хабар. Қабағында қан қатқан жігіт Қостанайға жер ауған әкесінің ақырғы с ә л е м і н сұрады (Ә.Әзиев, Жез тау.). Тернополь қаласынан жолдаған жас жауынгер с ә л е м і осы ойды растап тұрғандай көрінеді (А.Жолдасбеков, Әке.). Жас жетті, ұрпақ өсті, жол біздікі, Кезінде болдық Базар жұрт мақтаған. Тағдырға тура келген амал қанша, Жорғасы ем мен өлеңнің алшақтаған, Көрмеген хош болыңдар, қайран халқым! С ә л е м і м сендерге осы бар сақтаған! (Базар жырау, Шығ.). 3. д і н и. Алдымен оң иығына басын бұрып, сонан соң сол иығына бұрылып, «Ассаламаумағалейкүм уа рахматуллах» деп айтып, намаз соңында орындалатын қимыл ишарат [Діни аңыз бойынша, адамның оң иығында оның сауапты істерін, сол иығында күнәларын амал дәптеріне жазып отыратын екі періште болады, намаз соңында мұсылман адам оларға сәлем беру арқылы ғибадатын аяқтайды]. Намазда: түргеп тұрғанда - сәжде орнына, рүкүһта - аяқтарға, отырғанда - алдына, с ә л е м д е - иықтардың бастарына қарау сауапты (Ислам энцикл.).