СӘТСІЗДІК

lat: SÁTSİZDİK

з а т. Іс-әрекет ойдағыдай, діттегідей болмай шыққандық, жолы болмаушылық. Алғашқы дауылдан кейін с ә т с і з д і к к е кездеспей, кәсіпте оңға басқан-ды (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). Қаралар таласады ақпен қалай, Бірдей ме түнек басқан шақпен арай. Тағдырдан с ә т с і з д і к т і елден көрме Өзінен ер жігіттің бақ пен талай (Қара өлең). С ә т с і з д і к т е н қашқақтау түрткісіне бой алдырған адам сол үшін өзінің бастапқы мақсатынан толық не белгілі мөлшерде бас тартуға дейін барады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Өмірдің барлық с ә т с і з д і к т е р і н Бақытсыздық деп, кім айтты саған? (М.Шаханов, Ғасырлар.).