СӘУЛЕТШІ

lat: SÁÝLETSHİ

з а т. Сәулет өнерінің маманы, тас қашап, құрылыс салудың шебері. Жүздеген жылдар бойы грек халқының өнер шеберлері - суретшілер, с ә у л е т ш і л е р, мүсіншілер Альтисті әсемдеуге атсалысқан (Ә.Нұрмаханов, Жекпе-жек). Жаушы Қаратаудағы әйгілі с ә у л е т ш і г е барған күні, Ербосын қырық төрт жігітін ертіп қаладан шығуға қамданды (С.Санбаев, Аруана). Нәзік үндер, тас жауса да үзілме, Көңіл жуар көп сызашық, сарқылма! Жас қалады күйшілердің ізінде, Тас қалғандай с ә у л е т ш і н і ң артында (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).