СЕГІЗ

lat: SEGİZ

с а н. 1. Жетіден кейінгі, тоғыздан бұрынғы есептік сан. Шай үстінде пәлендей сөз бола қойған жоқ. Ақ-сақал с е г і з бүктеулі орамал суырып, маңдайын сипай түсіп отырғанда, бай шыны-аяғын төңкерді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Осы жолы Совет Одағы Батыры атағын алған жиырманың ішінде с е г і з адам қаза тапқан (С.Нұрмағанбетов, Жауынгер.). 2. с ө й л. Жеті мен тоғыз жастың аралағындағы кезең. С е г і з д е бала болып ойнап едім, Тоғызда тайлы суға бойлап едім, Он бес пен он алтының арасында, Желкемнен аларын да ойлап едім (Шал ақын, Өлеңд.). 3. с ө й л. Тәуліктегі жиырма төрт сағаттың таңғы немесе кешкі жеті мен тоғыздың арасындағы уақыты. С е г і з д е жат, Тоғызда жат, Онда жат! Тыныштықта бұзылмайды ұйқың да. Ұйықтамасаң, отыр дағы күй тыңда (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).