СЕЗІМТАЛ

lat: SEZİMTAL

с ы н. Өте нәзік нәрсені тез аңғара қоятын, тез түсіне білетін, байқампаз. Апам адамға да, малға да жаны ашып, үзіліп тұратын с е з і м т а л, қайырымды кісі еді (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Қыз жүрегі тым нәзік болғанмен с е з і м т а л келетінін есті адамның бәрі біледі (Б.Дәулетбаев, Парыз). Танып тұрды көрмесе де бір-бірін, С е з і м т а л ғой нәзік жүрек құрғырың. Шал қарайды жөткірініп бұларға, Мен қараймын атылар деп кім бұрын (Е.Ибраһим, Көкше.).