СЕЗІМТАЛДЫҚ

lat: SEZİMTALDYQ

з а т. 1. Сезгіштік, бірден біле қойғыштық, байқағыштық. Ж.Саин марқұмның соңғы өлеңдері де сыршылдық, с е з і мт а л д ы қ пен ой-пікір байлығымен тартатын еді (Сирабаев, Октябрь.). Батырбаевтың айқас үстіндегі с е з і м т а л д ы ғ ы адам таң қаларлықтай (Б.Соқпақбаев, Жекпеек.). Тірі жанға сездірмейін деген құпия күдігінің дәл төбесінен түскен Қабекеңнің с е з і м т а л д ы ғ ы н а Бекарыс қайран қалды (З.Жәкенов, Таң самалы). 2. б и о л. Тірі ағзалардың ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштерінің әсерін сезіну қабілеттіліктері. С е з і м т а л д ы қ т ы анықтайтын физиологиялық механизмдердің негізіне сенсорлық жүйелер буынының динамикалық өзара әрекеттестіктері жатадыаз. тілі термин. Биология). С е з і м т а л д ы қ т ы ң негізін белсенді рецепторлар құрайды. Бірақ рецепторларға әсер ететін тітіркендіргіштердің бәрі бірдей қабылданып, сезім туғызады деуге болмайдыаз. тілі термин. Биология). С е з і м т а л д ы қ т ы жіктеудің негізіне белгілі бір рецепторлар белсенділігімен байланысты түйсіктің сапасы алынадыаз. тілі термин. Биология). 3. э к о л. Ағзаның мекендеу ортасындағы түрткіжайттар өзгерістеріне жауап қайтару қасиеті. Жоғары дәрежелі с е з і м т а л д ы қ стенобионттарға тәназ. тілі термин. Экология). Түр, жас, жыныс, жеке с е з і м т а л д ы қ болып бөлінедіаз. тілі термин. Экология).