СЕНБІ

lat: SENBİ

з а т. Аптаның алтыншы күні, жұмадан кейін, жексенбіден бұрын келетін күн. Орталық көшелерде кісі аяғы сирек, күн с е н б і еді (Д.Досжанов, Жібек.). Жеңгеміз өткен с е н б і д е төркін жұртына қыдырыстап кеткен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Енаңбасыз екі тәулік бірге өлді, Дүйсенбі кеп дүние түрленді. Мен с е н б і мен жексенбіні жек көрем, Сені маған көрсетпейтін күндерді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).