СЕНУ

lat: SENÝ

Сен етістігінің қимыл атауы. 1. Нану, илану. Қойғанбысың с е н у д і кісіге сен? (Иланбаймын бұл қарттық ісі десең). Түсінерсің мүмкін сен Жоқ боп кеткен Жылқы болып жабайы кісінесем! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Сенім арту. Намысқа тырысып, не де болса өз күшіне с е н у г е бел байлаған (К.Жұмаділов, Көкейкесті). Зымырап бәйге атындай өте шықтым, Жабығып көріп еді көңіл неден? Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп, Баянсыз тіршілікке с е н у м е н е н (Ә.Найманбаев, Шығ.).