СЕНУШІ

lat: SENÝSHİ

з а т. Сөзге, пікірге иланып қалушы, нанушы. Бұған мысал дінге с е н у ш і қарттардың жаңа Ай туғанда да: «Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім. Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» дейтіні дәлел бола алады (С.Мұқанов, Халық мұраты). Тіпті қазірдің өзінде де жан бар дегенге с е н у ш і л е р кездеседі (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).