СЕНІМДІЛІК

lat: SENİMDİLİK

з а т. Өзіне не өзгеге сенім артушылық, мығымдық. Ұлықтарға «кінәсізбін, зәріңнен қорқа алмаймын» дегендей с е н і м д і л і к п е н, үлкен салмақпен қарасты (М.Әуезов, Қилы заман). Дәмемнің кіршіксіз табиғи қуанышын, баладай ақкөңіл, таза жандығын, сонымен қатар өте қызу жастығын, дененің саулығына, өзінің ерекше көркем екендігіне с е н і м д і л і г і н көрсететін күлкі (С.Ерубаев, Менің құрдас.). Оны толқытқан ананың сөзі емес, сөзіндегі с е н і м д і л і к (М.Ысқақбаев, Қырық қыз).