СЕНІМСІЗ

lat: SENİMSİZ

с ы н. Опасыз, тұрақсыз, тұрлаусыз. Демейік қойлардың да ішін аппақ, Оңай ма Арыстаннан алу ақтап? Шыққан соң с е н і м с і з боп, бұл қойларды Ал енді Арыстанға қалай бақбақ?! (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ұрыны с е н і м с і з көріп, қашып кетеді деп, аяғына кісен салушы еді (М.Әуезов, Қараш.). Сенемін, Мейлі аңсарым табылмасын, Сенімім тек сертіңнен жаңылмасын, С е н і м с і з тұңғиыққа табынбасын (М.Мақатаев, Шығ.).