СЕНІМСІЗДЕН

lat: SENİMSİZDEN

е т. Сенім білдірмеу, күдіктену, қауіптену. Осыдан кейін Мөңке қасындағы ендігі қосшылары жөнінде де: «қарындарың қаттырақ ашқан күні сендер де ана жаққа жалт беретін шығарсыңдар», деген оймен с е н і м с і з д е н е қарайтын (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Әлжан қашан көзімен көргенше с е н і м с і з д е н е сөйледі (С.Жүнісов, Ақан сері). Өзі с е н і м с і з д е н е қараған әуелгі күдік енді Болаттың ойынан тез айығып келеді (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар).