СЕНІМСІЗДІК

lat: SENİMSİZDİK

з а т. Сенімнен айырылушылық, сенбеушілік. …Өзіне өте сенгіштік, яки с е н і м с і з д і к салған жерден көзге түседі (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). Кенет Қоспанның бойынан с е н і м с і з д і к нышанын тапты (Т.Ахтанов, Боран). С е н і м с і з д і к жұрт қолын байлап алды. Алаулаған жастық от қайда қалды? Жиырма беске келсе де, Өз көжесін Жылап ішер жасықтар пайда болды (М.Шаханов, Ғасырлар.).