СЕНІҢКІРЕ

lat: SENİŃKİRE

е т. Сене түсіңкіреу, наныңқырау. Бірақ қорыққан, үрейленген қараңғы ауыл қанша дегенмен бұл екінші қосынға ішінен шын ашыла с е н і ң к і р е м е й барлық сұрауларына жауапты сақтықпен берді (С.Сейфуллин, Шығ.). Ол кісі: Кешке таман Мишканы алып киноға бар. Мишкаға ойын көрсет деп айтты, деді. Мишка апасына с е н і ң к і р е м е й қарады (М.Жұмабаев, Шығ.). Әйтседе, бұл мәселені Ақжолдың қалай аяқтайтынына с е н і ң к і р е м е г ен жігіттер тез тыйылды (Ж.Молдағалиев, Тыңда.).