СЕРГІТУ

lat: SERGİTÝ

Сергіт етістігінің қимыл атауы. Ахмет өлеңдерің еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды с е р г і т у г е, мұңлы мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әдеті Кенжетайды с е р г і т у үшін өзін-өзі зорлап күліп отырған сияқты (Д.Әбілев, Арман.). Шай дәрігерлік практикада нерв жүйесін с е р г і т у үшін беріледі (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).