СОРПА

lat: SORPA

з а т. э т н. Суға қайнап піскен еттің сөлі шыққан сұйық тамақ. Аспазшылар ас әкелді. Май, ботқа, с о р п а исі аңқып кетті (М.Жұмабаев, Шығ.). Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ Ет артынан с о р п а ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Оның есесіне қысты күні с о р п а ғ а, көжеге, сарқасқа қылып құрт езіп тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда бойы қыз-қыз қайнап жүреді (Ж.Аймауытов, Шығ.).