СӨМКЕ

lat: SÓMKE

р. сумка] з а т. Жеңілелпі, шағын заттар салып, қолға ұстап жүретін тұрмыс бұйымы. Кенет қолына шағын с ө м к е ұстап келе жатқан әйелін көрді (Т.Әбдіков, Ақиқат). Төртеуі де сұр кенеп с ө м к е л е р і н мойнына ілді (Н.Әбуталиев, Құрдас.). Көретұғын балларды С ө м к е л е р і н асынған, Галстуктер мойнында, Өтетұғын қасынан (О.Шипин, Дастан.).