СУ

lat:

з а т. 1. Өзен, көл т.б. түзетін түссіз мөлдір сұйық зат. Аяғының астындағы с у ғ а қарап еді, өзінің түрін көрді. Шашы ұйпаланып қалған екен; с у м е н сылап шашын жатқызды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жолдасы с у іздейді сыр жүгіріп, Беліне екі етегін алды түріп. Құдық шығар деді де жетіп келді, Үйілген бір арада топырақ көріп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Көлеңкедей өзіне ерген мұны, Біреумін мен, жуатқыш шермендені. “Таудай бол!” деп айтатын әжем алғыс, Екі шелек с у әкеп берген күні (Т.Молдағалиев, Шақырады.). // Құрғақ емес, ылғалды, дымқыл. Ол жүректің жалынын басар бірақ, Өлсе көрде бастырған с у топырақ. Өзі сүйіп өзгеден сүю іздеп, Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ (Абай, Тол. жин.). Айшаның төбесінен саулап с у топырақ құйылып жатты (Срубаев, Менің құрдас.). Жаңа оянған яки шомылдырылған баланы болмаса с у жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шығаруға нағыз қолайлы уақыт түстен кейінгі 24 сағат арасы (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Өзен, көлдің жалпы атауы. Оғыз ханның заманынан Шыңғыс ханның заманына шейін Дон, Еділ, Жайық бұл үш с у д ы ң жағасында Қыпшақтардан өзге ел жоқ еді (Әбілғазы баһадүр, Түрік шежі ресі). Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің? Қош енді, қанатым жоқ самғар менің! Нуларым сыңси жылап қалды-ау менің, С у л а р ы м жетімсіреп қалды-ау менің!.. (М. Мақатаев, Шығ.). Ақтерек, Ырғайтыдай сай бар еді, Сол жерде талай-талай бай бар еді. Өзені қатпар жартас, күреленген с у, Атқыған жыра сайын қайнар еді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жайық деген жанды с у, Көзі қара қанды су, Біздің жүрген жеріміз Күнде базар, күнде ду. Мен сүргіннің сойымын Арқалы жерде шапқандай (Базар жырау, Шығ.). 3. х и м. Қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химиялық қосылыс; сутек оксиді, H 2 O. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера с у д а н тұрады (ҚҰЭ). 4. Мұрыннан шығатын мөлдір сұйық зат, сора. Көздің жасын, мұрыныңның с у ы сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың (Абай, Тол. жин.). 5. а у ы с. Тиянағы жоқ, байлаусыз, мәнсіз, бос нәрсе. Өмір, дүние дегенің Ағып жатқан с у екен. Жақсыаман көргенің, Ойлай берсең у екен (Абай, Тол. жин.). Бойдағы бар қуаттың бәрін алып, Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай. Ойым у, өмірім с у, үмітім бу, Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).