СУЫҚ

lat: SÝYQ

с ы н. 1. Тым салқын, жылы емес. Жаз келер, қысты күнгі қысым өтіп, Қар, с у ы қ, аяз, боран бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, Табиғат барша жанға рахым етіп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ақ құмың керегіңше даяр қылам, Кем-кетік жерің болса, даяр тұрам. Жаз жетсе, қорқынышсыз, қыс уайымсыз, Далада мың қорқыныш, с у ы қ боран (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. а у ы с. Ызғарлы, үрейлі. Бір көргенде қатал сияқты с у ы қ жүзді адам екен (Қ.Исабаев, Соңғы.). Басымнан бір с у ы қ мұң кетпей қойды-ау, Күннің де күші жетпей қойған қардай (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). // Ызғар, зардап. Алған ұлы елінің күш туынан, Өткен соғыс с у ы ғ ы, ыстығынан. Алау жағып достарын жылытты ол, Өз жанының жалынды ұшқынынан (С.Мәуленов, Алыс кет.). 3. а у ы с. Салқынқанды, салғырт, енжар. Сіз мені әйелге ыңғайы жоқ бір с у ы қ жан деп ойлайтын шығарсыз; бірде олай ойлауға жарамайды, адамшылықтың бір негізі әдеп. «Әдеп тұрған жерде иман тұрады» деген пайғамбардың хадисі бар (Ж.Аймауытов, Шығ.).