СҮЗБЕ

lat: SÚZBE

з а т. т а м а қ. Айраннан сүзіліп жасалатын тағам, жақсы ұйыған қатықтың қалтаға құйылып, сорғытылған түрі. С ү з б е екі түрде дайындалады: тұздалып немесе тұздалмай әзірленген кеберсіген сүзбе қарынға салынады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). С ү з б е д е н де құрт жасап, сөреге кептіріп, қыс айларында сорпаға қатады (С.Мұқанов, Халық мұрасы). С ү з б е, қатық сияқты сүттен алынған тағамдарда микробтар көпке дейін өлмейдіалды туберк. сақта.). С ү з б е н і тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымында езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады (Шаңырақ энцикл.).