СҮЙЕК

lat: SÚIEK

з а т. 1. Адам мен хайуанаттар денесінің қаңқасы. С ү й е г і жоқ, тіске жұмсақ болған соң, һәр кім жейді біздің қазақ баласын. Аз емеспіз, алты миллион халықпыз. Әлхәмдуллила надандыққа ғарықпыз (М.Дулатов, Шығ.). Жас төлдің азығында кальций мен фосфор сияқты минералды заттар жетіспесе, оның с ү й е г і жұмсарып, аяғы қисайып, рахит ауруына шалдығады (Ш.Қалықов, Қой мен ешкі). Киіз басуға қажетті, қазақы қойдың күзем жүнінің табыла бермейтінін, киізге ақ реңк беретін және нығарлауға бірденір құнды материал с ү й е к үгіндісінің, бордың, кереге көктеуге лайық таспа тілетін терінің, ағаш құрастырмаларын сырлауға қажет болатын бояудың, балық желімінің жетісе бермейтіндігін айтсақ, киіз үй мәселелері күрделене түседі (Ө.Жәнібеков, Жолайрықта). 2. а у ы с. Өлген адамның денесі, мәйіті. Көлік пен кісі әкелем үйден барып, Қайтамын Томан менен баламды алып. С ү й е г і н Айсұлудың тастамаймын, Қоямын жаназалап елге апарып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Чехтар өз ұлтының мәдениет тарихын, бұдан 25 мың жыл бұрын өлген әскери қолбасшының с ү й е г і н, оның әшекейленген қаруарақтарын сақтай білгендіктерін дәлелдейді (М.Мағауин, Ақша қар). Қай дума, комиссия болсадағы, Бұған закон сұраймыз төрелесіп. Жетпіс екі милләтте жол бар ма екен С ү й е к т і, дінді қорлауға тепкілесіп? (М.Жұмабаев, Шығ.). Мені оққа төсеп, С ү й е г і м н е н аттағысы келді, Империя тәж-тағын сақтағысы келді. О-о-о! Кәрі тарлан! Түлкі дипломатия мақтанышы еді (М.Мақатаев, Шығ.). 3. Өне бойы, тұтас дене. Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді таяп барсаң тамағына, Шымырлап бу енеді с ү й е г і ң е (Абай, Тол. жин.). Сіз өзіңіз айдар таққан ер жігіт деп киелі Шомақ палуан, Дара біткен с ү й е г і, Арқаға сап көтерсе атан түйені, Марапаттап қуана қол соғасыз, Иығына алтын шапан жабасыз (М.Шаханов, Ғасырлар.). 4. а у ы с. Ата-тек, ру. С ү й е г і ң қай ел? деді келіншек. Қарқаралы дуанына қараған арғынмын (I.Жансүгіров, Шығ. жин.). Балам, өзіңнің с ү й е г і ң кім? деді шал сөзін маған арнап (Ө.Қанахин, Жер бас.). 5. э т н. Киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықтан тұратын негізгі қаңқасы. Киіз үйдің с ү й е г і аталатын ішкі қаңқасы: керегеабырға сүйегі), үйдің шаңырағын керегемен жалғастырып тұратын уық және шаңырақтан құралады (С.Мұқанов, Қазақ қауымы).