СҮЙЕМ

lat: SÚIEM

з а т. э т н. Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін халықтық өлшем ір сүйем 4 елі бармақ пен саусақты керіп, оған төрт саусақты қырынан қатар қойып өлшеу). Немістер бар аймақтың әр с ү й е м і н күні бұрын нысанаға алып, атқылап бекінген (Ә.Бектемісов, Майдангер.). Қазақ жауынгерлері Украина, Белоруссия, Кавказ жерлерін өзіміздің жер, Отан жері деп бағалап, оның әрбір с ү й е м і үшін жаумен жан аямай жұлқысты (Р.Ыдырысов, Отты жыл.). Жарақат барын сездірмей, Әр с ү й е м үшін егесіп, Еңсесін жатқа ездірмей, Тістеніп жатты төбешік (C.Жиенбаев, Алтын қалам).