СҮЙЕМЕЛ

lat: SÚIEMEL

з а т. 1. Тірек, сүйеніш. Қыстаубай жаяу жүре алмайды, с ү й е м е л г е көнер емес (Ж.Жұмақанов, Махаббат.). Ақлимада Нұрилаға с ү й е м е л боларлықтай күш жоқ (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Жазбасам өзім үшін етіп ермек, Іздесе жаралы жан дәрі-дәрмек, Әшейін с ү й е м е л д і ң амалындай, Қайткенде тұра тұру реті келмек (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 2. а у ы с. Көмек көрсетуші, қолдаушы, жәрдемші. Достардың ыстық демі, жәрдемге ұсынған қолы әрдайым қиыншылық күндерінде с ү й е м е л болып отырды (Т.Жармағамбетов, Соңғы хат). Сүйеу жоқ, с ү й е м е л жоқ есіл батыр, Сұмдардың сұм кінәсін кешірді ақыр. Қараса Қарасайдың табанынан Бұлттай боп қалың әскер көшіп жатыр (Ғ.Қайырбеков, Большевик.).