СҮЙРІК

lat: SÚIRİK

з а т. 1. Сулы жерде өсетін өсімдіктердің қамыс, борық т.б. ұзын, жұмсақ, әрі тәтті ақ тамыры. Қоғаның су түбінде ақ с ү й р і г і қылтиып көрініп тұрады (Ө. Қанахин, Жер бас.). Қамыс тамыры с ү й р і к деп аталатын майқоғаны да жеген (Д.Қатран, Қазақ. ас-тағам.). «Ел үшін өл. Ел үшін...» Өмірді аяп не етейін! С ү й р і к т е н сұлу саусағың, Мен садаға кетейін! (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Өсімдіктің жаңадан өніп шыққан көгі. Қол қанатым құйрығым Судан шыққан с ү й р і г і м, Суырып озған жүйрігім (Қыз Жібек).