СІЛТЕМЕ

lat: SİLTEME

з а т. к і т. Жазба еңбектердегі тақырыпты ашу үшін, пікірді дәйектеу үшін басқа еңбектен алынған үзінді. Жаз шыға уһ деп демалып артыма қарасам, әртүрлі үзінділер, с і л т е м е л е р тіркелген қағаздар, фотокөшірмелер, микрофильмдер үлкен екі шабадан бопты (М.Мағауин, Қиянда.). Кейінгі жылдары жаңа программаға сәйкес баспадан шыққан химияның есептері мен жаттығуларында осындай материалдарға с і л т е м е берілген («Қазақст. мұғ.»).