СІҢЛІ

lat: SİŃLİ

з а т. Бірге туған қыздардың, жақын әйелдердің кішісі; жасы үлкен әйелдердің жасы кіші әйелге қарата қолданылатын атауы. Менің қасымда жалғыз с і ң л і м бар, әкеміз болса әскерге кетті (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Жол апаға берілгені рас болса, бір олжасын ана с і ң л і с і н е тартпақ (А.Хангелдин, Қараторғай). Клара Әжікей деген кісінің әйелінің с і ң л і с і (А.Сатаев, Ақын ізі).