ТАБАЛДЫРЫҚ

lat: TABALDYRYQ

з а т. 1. Есіктің маңдайшасына қарама-қарсы, төменгі жағындағы жерге, еденге тиіп тұратын көлденең ағашы. Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, т а б а л д ы р ы қ, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Т а б а л д ы р ы қ пен маңдайшаның екеуінде екі тобыршық бар, ол сықырлауықты жауып тұрады (ҚҰЭ). Т а б а л д ы р ы қ пен маңдайша қайыңнан, ал басқалары тал, қара мойыл, терек сияқты ағаштардан жасалады. Қазақ халқы т а б а л д ы р ы қ т ы аса қастерлеп, қадір тұтқан. «Табалдырықтан биік тау жоқ», «Табалдырықты баспа» деп, оның қадір-қасиетіне жоғары мән берген (ҚҰЭ). // Есіктің кіреберісі, ішке қарай аттап өтетін жер. Т а б а л д ы р ы қ т а н бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тар былқ-былқ етеді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). Мен кебісімді т а б а л д ы р ы қ т ы ң сыртына тастадым (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. к е н. Металлургиялық пештердің әртүрлі шалаөнімдерді шығаруға арналған арнаулы бөлігі. Қож т а б а л д ы р ы ғ ы н ы ң биіктігі былау ішіндегі балқыманың биіктігін анықтайдыаз. тілі термин. Кен.). 3. к е н. Шөктіру мәшинесінде тор бетіндегі заттың үстіңгі қабатындағы жеңіл фракцияны келесі камераға немесе қалдық науаға белгілі мөлшермен түсіру үшін орнатылған тетік. Т а б а л д ы р ы қ т ы көтеру немесе түсіру арқылы (биіктету немесе аласарту) өтетін заттың шығынын реттеуге, соның нәтижесінде технологиялық көрсеткіштерді өзгертуге боладыаз. тілі термин. Кен.). Мыс, т а б а л д ы р ы қ биіктеген сайын қалдықта жоғалым азаяды, ал ауыр фракция (концентрат) шығымы көбейіп, одан пайдалы құрамбөлікті бөліп алу дәрежесі өседі, бірақ концентрат сапасызданадыаз. тілі термин. Кен.).

Апаттық табалдырық кен. Апатты жағдайда барлық балқыманы немесе әрбір шалаөнімді жекееке шығаратын табалдырықтар.

Жоғарғы табалдырық. к е н. Омырылған жердегі тұтқыр құраушының мөлшері 90%-дан кем болмайтын балқыма температурасы (қаз. тілі термин. Кен).