ТАБАНДЫЛЫҚ

lat: TABANDYLYQ

з а т. 1. Тұрақтылық, төзімділік, қайсарлық. Іскерлік т а б а н д ы л ы ғ ы н а қарап, екіге бөлінеді: табанды іскерлік, табансыз іскерлік (М.Жұмабаев, Шығ.). Т а б а н д ы л ы қ қолға қонар құс емес, Бір жарқ етіп көрінетін күш емес, Өзі үндемей, аузын аңдып өзгенің Жалтақтаған жандардың бұл ісі емес (А.Шамкенов, Сырларым.). Бізге тән т а б а н д ы л ы қ, байсалдылық, Жанымда ерлік деген жайсаң ғұрып. Дүшпанмен жағаласқан сұрапыл кез Кетіпті қаймықпайтын қайсар қылып (М.Құрманалин, Аспан.). 2. п с и х о л. Адамның көздеген мақсатына жету жолындағы қайтпас қайсарлығымен сипатталатын қасиеті. Адам өзінің өмірлік мақсатын айқын түсініп, адамдық атына лайық ізгі мақсатқа ұмтылуымен т а б а н д ы л ы қ негізгі мәнаңызға ие болады (ҚҰЭ). Т а б а н д ы л ы қ адамнан өз мақсатының, атқарар ісінің мәнаңызына деген сенімді қажет етеді. Осындай сенімге ие адам ғана қиындықтарды уақытша сынақ ретінде қабылдап, болашақтан үміт күтіп, т а б а н д ы л ы қ т ы ң үлгісін көрсете алады. Т а б а н д ы л ы қ қ а қарама- қарсы ұғым табансыздық (ҚҰЭ). 3. п с и х о л. Қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалай да жетуге бағытталған еріктік қасиет. Т а б а н д ы л ы қ баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру, кейде тікелей, сол сәттік ниет-тілекке қарама- қарсы әрекет жасауға дайын болып мақсатты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негізінде жетіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Т а б а н д ы л ы қ қасиеттерін кемелдендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде мәнді мақсаттар және тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар (Қаз. тілі термин. Педагогика.).