ТАБИҒАТ

lat: TABIǴAT

[ар. ] з а т. 1. Бар тіршілік, бүкіл әлемнің сансыз көп формаларын қамтитын әр алуандығымен, үйлесімділігімен, көркемдігімен ерекшеленетін жаратылыс дүниесі; адамның өмірлік және танымдық-эстетикалық ғибраттану ортасы. Ол уақытта қай халықтың да болса, табиғат бауырында болып, т а б и ғ а т тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап, өмір шеккен (А.Байтұрсынов, Шығ.). Т а б и ғ а т бірде былай, бірде олай, Кетері мәлім емес әлдеқалай. Әкесі жан, шешесі дене болып, Көңіліміз сол себептен екіталай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қазақ-қырғыз қырылып жатыр екен деп т а б и ғ а т өзгермеді, тағы да қыс түсті (“Абай”). 2. Тау, орман-тоғай, өзену, бау-бақша. Т а б и ғ а т т ы ң берген бағы, Қәдірім бар елімде. Бұдан зор іс қылсам-дағы, Басар жан жоқ, белімді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Т а б и ғ а т т ы ң таусылмас қасиетін Жұрттың жұмсап жүргені ақылсыз іс. Қайда кетті жаралыс берген байлық, Ұстанғалы әскер мен қару сайлық? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жаз жетті, т а б и ғ а т т ы ң оянуымен бірге адамның көңілі де елеңдеп, жаңа дүниеге шыққандай болып тұр (М.Дулатов, Шығ.). 3. а у ы с. Әрбір заттың, құбылыстың өзіне тән ерекшелігі, қасиеті. Жалған мадақ, арзан атақ менің т а б и ғ а т ы м а сыймайды (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Акустика дыбыстың, үннің шығу, пайда болу т а б и ғ а т ы н зерттейтін ғылым (К.Қуатбаев, Муз. сөздік). Мақал-мәтелдердің түпнұсқасында, т а б и ғ а т ы н д а өлең бола кетерлік элементтер жоқ (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).