ТАБИҒИ

lat: TABIǴI

с ы н. 1. Табиғатқа тән; жасанды емес. «Ұшқын» бетінде жарыққа шыққан жас Бернияз әдебиетіміздің сол т а б и ғ и жолымен шықты (М.Жұмабаев, Шығ.). Алайда табиғатта жалғыз-ақ т а б и ғ и себептер, т а б и ғ и амалдар ғана бола алады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қазақстан т а б и ғ и байлықтары мол республикалардың бірі (X.Қыдырбаев, Дала көркі). 2. Таза, қоспасыз. Жасанды алмастың құны т а б и ғ и алмастан әлдеқайда төмен (О.Бейсеев, Жеңімпаз.). Есесіне өнеркәсіп пен ауылшаруашылық кәсіпорындары аталған өзендерге, олардың т а б и ғ и су қорларымен шамалас лас суларды төгеді (Табиғат сулары.). Сәндік көркемдеуге келсек, «Валют-Транзит Алтын» өз өнімдерін әрлеу үшін жартылай құнды және құнды, сонымен бірге т а б и ғ и тастарды пайдаланады («Егемен қазақстан»). 3. а у ы с. Боямасыз, нанымды. Рахияның сырт пішіні езгергіш және кісі сенерліктей т а б и ғ и еді («Қазақст. әйелдері»). Т а б и ғ и жазуға, сұлу жазуға тырысатын ақындарымыздың бірі Мұқағали (Ж.Әбдірашев, Парасат.).