ТАБЫС

lat: TABYS

з а т. 1. Белгілі бір жұмысты атқару нәтижесінде түсетін ақша, материалдық игіліктер; кіріс, пайда. Келген соң,босқа жүргенше, тіл үйрен деп, бір учитель қатынды жалдап, төрт ай оқытты. Бұрын қазақ баласын оқытып, ысылған, кәрі қатын екен. Баласы жоқ. Т а б ы с ы м е н күн көреді. Сол қатыннан оқығаным көп пайда болды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жеңгесіне тапқан т а б ы с ы н апарып берді (С.Жүнісов, Жапанда.). 2. э к о н. Кәсіпорындардың (фирмалардың, компаниялардың) белгілі бір уақыт кезеңіндегі қызметінің нәтижесінде (мыс., өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) алатын ақшалай қаражаты немесе материалдық құндылықтары. Т а б ы с халықтың (жеке адамның, отбасының т.б.) өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін алатын ақшалай немесе заттай нысандағы қаражаты да болуы мүмкіналық табысы) (Қаз. тілі термин. Экономика.). 3. э к о н. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің құны мен жұмсалатын шығынның арасындағы айырма ретінде алынатын өндірістікаруашылық қызметтің нәтижесі. Жеке адамның табысы халықтың қолына түседі және тұтыну мен қорлану мақсатына пайдаланылады. Ол жалдамалы еңбектен, кәсіпкерліктен, меншіктен, өзіндік қосалқы шаруашылықтан, қолөнерінен және басқа өзіндік кәсіппен айналысуынан түскен т а б ы с т а н құралады (ҚҰЭ). Т а б ы с т ы шаруашылық жүргізуші субъект (кәсіпорын, бірлестік, идара, т.б.) қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші ретінде пайдалану кезінде оны материалдық шығынды, өндіріс барысында тұтынылған құрал-жабдық пен еңбек заттарының көшірілген құнын есепке алмай (шегеріп) есептейді (Қаз. тілі термин. Экономика.). 4. э к о н. Иеленушілерге төленетін дивиденд немесе бағалы қағаздың ағымдағы бағасынан алынатын пайыз, сол сияқты салым мен депозит бойынша пайыз. Негізгі қызметтен алынатын т а б ы с субъектінің жарғылық қызметінен: өнімді дайындау мен сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден алынатын ақшалай және басқа қаражатаз. тілі термин. Экономика.). Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынатын т а б ы с негізгі қызмет барысында табыс әкелмейтін көздерден алынатын, негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің істен шығуынан, тауар-материалдық құндылықтарды қосымша бағалаудан, активтерді қайта бағалаудан түсетін табысты, мүліктік табысты т.б. қамтитын табысаз. тілі термин. Экономика.). 5. а у ы с. Қол жеткен жетістік, жеңіс. Әдебиет, мәдениет салаларында бұрын болып көрмеген ғажайып т а б ы с т а р ғ а қол жетті (С.Мәуленов, Жұлдыз.).