ТАБЫС

lat: TABYS

е т. 1. Бірін-бірі тауып алып, кездесу, көрісу, дидарласу. Қасиетті жеріме, туған еліме қайтып, туған-туысқандарыммен т а б ы с а т ы н болдым (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Үйірінен адасқан, Т а б ы с қ а н д а й тай-құлынастандар). Мен үшін кезіп кеттің айдалаға Білмедім кеткеніңді қай далаға. Қарағым, ақыретте т а б ы с а й ы қ, Бұл өмір енді қайтып айнала ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. Төлдің енесіне қосылуы, жамырауы. Сыртта қозыларына т а б ы с а алмаған саулықтардың даусы да көңілін тыншытпады (К.Оразалин, Ақ жазық). 3. Бірін-бірі түсінісу, татуласу, достасу. Әнеугі төбелестен кейін екеуі дос болып т а б ы с қ а н (О.Сәрсенбаев, Жалғыз күрке). Кеше біз өмірлік жар болып т а б ы с қ а н д а осы оттың басында қол ұстасқанбыз (С.Бегалин, Уақыт.).