ТАБЫСТЫ

lat: TABYSTY

с ы н. 1. Табысы мол, пайдалы. Байқаймын, бәріміз де молшылыққа кенеледі екенбіз. Колхозымыз т а б ы с т ы болады екен (Т.Иманбеков, Тұт ағашы). Бұл түліктердің бәрі де шаруашылықтың т а б ы с т ы саласына айналып келеді (Ғ.Серікбаев, Қастек.). 2. а у ы с. Нәтижелі, жемісті. Жаңа жылмен құттықтаймын, өмірде бақытты, творчество майданында т а б ы с т ы болуыңды тілейміы (Б.Бұлқышев, Адамзат.). Тоғызыншы бесжылдық. Қазақстан үшін де теңдесі жоқ т а б ы с т ы жылдар болды («Соц. Қаз.»).