ТАЗАЛЫҚ

lat: TAZALYQ

з а т. 1. Кір жолатпаушылық, шаң-тозаң баспаушылық; тап-тұйнақтылық. Адам сұлулықты сүйсе, т а з а л ы қ т ы сүйеді. Т а з а л ы қ т ы сүйсе, оған ауру үйір болмайды (М.Жұмабаев, Шығ.). Нариманның дәрігерлік ғылымын таңдауы да әлдеқалай емес еді. Надандық салдарынан бақсыалгерден қожа-молдадан емденіп, үшкіру-түшкірулерге иланып, т а з а л ы қ, денсаулық жайын білмейтін неше түрлі қауіпті жұқпалы аурулар жайлап бара жатқан еліне осы жағынан қызмет ету ниетімен қалаған еді (М.Дулатов, Шығ.). Т а з а л ы қ саулық негізі, Саулық байлық негізіақал). 2. а у ы с. Адалдық, ақниеттілік, пәктік. Болар іс болды деп қоймай, биылдан соң болса да Дінмұхамет Әділовке гимназияға кіруіне тоқтату болмасын, нақақ жаладан айырылсын деп, Мұстафа баласын директорға апарып, айыбын мойнына алдырып, ана баланың т а з а л ы ғ ы н а сендіруге сөз байланды (М.Дулатов, Шығ.). Адалдық, т а з а л ы қ т а н құры екенсің, Бағанадан байқатпай тұр екенсің. Сені адам деп несіне айтысайын, Боқ жейтін жол кесердің ұлы екенсің (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Т а з а л ы қ қ а тағы кеттім, Балалықты қуып жеттім. Жоғары ғаршыдан өттім, Осыны шындаған, көңіл! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

    Тіл тазалығы. л и н г в. Тілдің жасанды, бөтен сөзбен шұбарланбай, өзінің табиғи, төл қалпын сақтауы. Профессор М.Балақаев әдеби т і л д і ң т а з а л ы ғ ы н, оның объективтік заңдары мен нормаларын сақтауды әділ талап етеді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер). Әңгіме т і л т а з а л ы ғ ы н сүйетін қаламгер жөнінде болғалы отыр (Ғ.Қабышев, Тарихта қал.).