ТАЛАП

lat: TALAP

[ар. ] з а т. 1. Ынта, ықылас, ұмтылушылық. Бойдағы бар қуаттың бәрін алып, Қайрат, өнер, т а л а п қ а қат қылғандай. Ойым у, өмірім су, үмітім бу, Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұл талап сәті болса таудай т а л а п, Ниеті қабыл болғай Құдай қалап. Әркімнің жүректегі дертін қозғап, Жазылар талай сөздер неше тарап (Ж.Аймауытов, Шығ.). Талантты өсіретін т а л а пақал-нама). 2. п с и х о л. Адамның ішкі ізденісінен туындап, ілгері ұмтылысымен сипатталатын ізгі қасиеті. Адамның тұрмыс-тіршілікте ілгерілеуге, қоғамдағы өз орнын табуға, рухани дамуға, ілім-білімін молайтуға ұмтылысымен көрінетін т а л а п өз кезегінде тұлғаның өзінезі сын көзбен қарап, өзінің халағдайына қанағаттанбай, талап қоя білуінен туындайды (ҚҰЭ). Т а л а п қанағатсыздыққа ұрындырмай, адамды ілгері бастыруы үшін ынсаптылықтың нәзік өлшемі ұмытылмағаны абзал (ҚҰЭ). 3. Мақсат, тілек. Қайырсыз неше сараң байлар да бар, Қайықтай толқындағы қалтылдаған. Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп, Ұмтылып, т а л а п ойлап талпынбаған (А.Байтұрсынов, Шығ.). 34 жылдан бері Мединеде оқып жатқан 1015 қазақ шәкірттері Медине шаһарында қазақ атына бір зор медресе салу т а л а б ы н д а болған. Сол ниетпен барған қажылардан жылда ақша жинай бастаған (М.Дулатов, Шығ.). Тау биік, т а л а п таудан да биік (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). 4. Міндет, жауапкершілік. Әдебиет өскен сайын оқуүйрену т а л а п т а р ы да тереңдей беруге тиісті (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Ойменен, т а л а п п е н е н болды сегіз, Айтылмай енді қалды неменеміз? Өзге жақсы мінездің бәрідағы Шығады осылардан түгел деңіз (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).