ТАЛҚЫЛАУ

lat: TALQYLAÝ

Талқыла етістігінің қимыл атауы; талқыға салу. Пленум қарарларын т а л қ ы л а у ғ а арналған бұл бюроға Еңліктің де айтар сөз, қояр тілегі жоқ емес (К.Оразалин, Ақ жазық). Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін ол барша жұрттың т а л қ ы л а у ы үшін баспасөзде жарияланған болатын. («Егемен Қазақстан»). Мәселені ақылдасудың, т а л қ ы л а у д ы ң, кеңесу мен дәйектеудің, келісудің, шешім қабылдаудың өркениетті тәсілдерін білу кәсіби парыз («Егемен Қазақстан»).